ҚЫЗМЕТТЕР ҮШІН ТӨЛЕМ ЖӘНЕ ҚАРАЖАТТЫ ҚАЙТАРУ ТӘРТІБІ

4.1. Қызметтердің құны Орындаушы белгілеген және Сайтта және/немесе Орындаушының ресми дереккөздерінде жарияланған бағаларға сәйкес айқындалады.
4.2. Қызметтер үшін төлем жасау осы Офертаның акцепті болып табылады. Төлем жасау кезінде Тапсырыс беруші өзінің тіркеу деректерін (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)/атауы) көрсетуге міндетті.
4.3. Төлем күні болып ақшалай қаражаттың Орындаушының есепшотына түскен күні есептеледі. Тапсырыс берушінің төлем бойынша міндеттемесі ақшалай қаражаттың толық сомасы түскен сәттен бастап орындалды деп есептеледі.
4.4. Тараптар Қызметтердің құны келесілерді қамтитынымен келісті:
  • ұйымдастырушылық-дайындық кезеңі — Қызметтер құнының 40%;
  • негізгі оқыту кезеңі — Қызметтер құнының 60%.
4.5. Ұйымдастырушылық-дайындық кезеңі Тапсырыс берушінің курсқа жазылуы расталған сәттен бастап көрсетілген болып есептеледі және қайтаруға жатпайды, себебі ол Орындаушының нақты жұмсаған шығындарын қамтиды, оның ішінде, бірақ олармен шектелмей: топты қалыптастыру, орынды резервтеу, өнімдерді сатып алу, материалдарды дайындау және өзге де ұйымдастырушылық шығындар.
4.6. Тараптар Қызметтердің құнына сабақтарды өткізу үшін қажетті азық-түлік өнімдерін, ингредиенттерді және өзге де шығын материалдарын сатып алуға арналған шығындар енгізілгенімен келісті.
4.7. Көрсетілген шығындар Тапсырыс берушінің курсқа жазылуы расталған сәттен бастап Орындаушының нақты жұмсаған шығындарына жатады және Қызметтерді көрсету барысында Тапсырыс берушінің нақты пайдаланғанына және/немесе қатысқанына қарамастан қайтаруға жатпайды.
4.8. Тапсырыс беруші Қызметтерден кез келген уақытта бас тартуға құқылы, бұл ретте Орындаушы төленген сомадан төмендегілерді ұстап қалуға құқылы:
  • ұйымдастырушылық-дайындық кезеңінің құнын;
  • нақты көрсетілген Қызметтердің құнын;
  • Орындаушының нақты жұмсаған шығындарын.
4.9. Нақты көрсетілген Қызметтерге, оның ішінде, мыналар жатады:
  • өткізілген сабақтар;
  • оқу материалдарына, платформаларға, бейнежазбаларға қолжетімділік беру;
  • Қызметтерді көрсетуге бағытталған ұйымдастырушылық әрекеттер.
4.10. Оқу материалдарына қолжетімділік берілген және/немесе сабақтар басталған сәттен бастап Қызметтер тиісті бөлігінде көрсетілген болып есептеледі және толық көлемде төленуге жатады.
4.11. Нақты көрсетілген Қызметтердің құны өткізілген сабақтардың санына, ұсынылған материалдардың көлеміне және қолжетімділік мерзіміне пропорционалды түрде айқындалады.
4.12. Тапсырыс беруші Қызметтерден бас тартқан жағдайда, қайтаруға жататын сома Қызметтердің жалпы құны мен осы бөлімге сәйкес ұстап қалынған соманың айырмасы ретінде айқындалады.
4.13. Қызметтерді Орындаушының кінәсінен көрсету мүмкін болмаған немесе Қызметтер тиісінше көрсетілмеген жағдайда, Тапсырыс берушіге төленген қаражат толық көлемде немесе көрсетілмеген Қызметтердің құны бөлігінде қайтарылады.
4.14. Қаражатты қайтару Тапсырыс берушінің жазбаша өтініші негізінде, өтініш алынған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
4.15. Тапсырыс беруші осы Шартта көрсетілген Орындаушының деректемелерінің өзгеруін дербес бақылауға міндетті және өзі жүзеге асыратын төлемдердің дұрыстығы үшін жауапты болады.
ПОРЯДОК ОПЛАТЫ И ВОЗВРАТА СРЕДСТВ

4.1. Стоимость Услуг определяется в соответствии с ценами, установленными Исполнителем и опубликованными на Сайте и/или в официальных источниках Исполнителя.
4.2. Оплата Услуг является акцептом настоящей Оферты. При осуществлении оплаты Заказчик обязан указать свои регистрационные данные (ФИО/наименование).
4.3. Датой оплаты считается дата поступления денежных средств на счет Исполнителя. Обязательство Заказчика по оплате считается исполненным с момента поступления полной суммы денежных средств.
4.4. Стороны согласовали, что стоимость Услуг включает в себя:
  • организационно-подготовительный этап — 40% от стоимости Услуг;
  • основной этап обучения — 60% от стоимости Услуг.
4.5. Организационно-подготовительный этап считается оказанным с момента подтверждения записи Заказчика на курс и не подлежит возврату, поскольку включает фактически понесенные Исполнителем расходы, в том числе, но не ограничиваясь: формирование группы, резервирование места, закуп продуктов, подготовку материалов и иные организационные расходы.
4.6. Стороны согласовали, что в стоимость Услуг включены расходы на приобретение продуктов питания, ингредиентов и иных расходных материалов, необходимых для проведения занятий.
4.7. Указанные расходы относятся к фактически понесенным Исполнителем с момента подтверждения записи Заказчика на курс и не подлежат возврату независимо от фактического использования и/или участия Заказчика в процессе оказания Услуг.
4.8. Заказчик вправе отказаться от Услуг в любое время, при этом Исполнитель вправе удержать из оплаченной суммы:
  • стоимость организационно-подготовительного этапа;
  • стоимость фактически оказанных Услуг;
  • фактически понесенные расходы Исполнителя.
4.9. К фактически оказанным Услугам относятся, в том числе:
  • проведенные занятия;
  • предоставление доступа к учебным материалам, платформам, видеозаписям;
  • организационные действия, направленные на оказание Услуг.
4.10. С момента предоставления доступа к учебным материалам и/или начала занятий Услуги считаются оказанными в соответствующей части и подлежат оплате в полном объеме.
4.11. Стоимость фактически оказанных Услуг определяется пропорционально количеству проведенных занятий, объему предоставленных материалов и периоду доступа.
4.12. В случае отказа Заказчика от Услуг возврату подлежит сумма, определяемая как разница между общей стоимостью Услуг и суммой, удержанной в соответствии с настоящим разделом.
4.13. В случае невозможности оказания Услуг по вине Исполнителя либо оказания Услуг ненадлежащего качества, Заказчику возвращается уплаченная сумма полностью либо в части стоимости неоказанных Услуг.
4.14. Возврат денежных средств осуществляется на основании письменного заявления Заказчика в течение 5 (пяти) рабочих дней с даты его получения.
4.15. Заказчик самостоятельно отслеживает изменение реквизитов Исполнителя, указанных в настоящем Договоре, и несет ответственность за правильность производимых им платежей.